«Алтын көпір» ескерткішінің авторы Астана несімен қызықтырғанын айтты

18:49 02/07/2018

8
Бүгін Астанада Жібек жолы бойындағы қала мэрлерінің форумы басталды. Бұл іс-шараға әлемнің 60 елінен 2 мыңнан астам делегат тіркелген.

Жібек жолы бойындағы қалалардың 70 басшысы, 30 саяси көшбасшы, 150-ден астам шетелдік спикерлер мен модераторлар бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараның басты да ерекше қонағы – гонконгтық «Hanson Robotics» компаниясы әзірлеген София есімді гиноид. Сонымен қатар, әлемге танымал қытай архитекторы Шу Юн. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайт тілшілерімен ескерткіш авторы Астана туралы ойымен бөлісті.

«Маған сіздердің қалаларыңыз өте ұнайды, біріншіден мұнда ашық алаңдар көп. Оның сан алуандығы мен сұлулығы ерекше көптеген сәулет ғимараттары есте қаларлықтай. Сіздің халық ашық және қонақжай. Біз болған жердің барлығында жылы қарсы алуда. Адамға осы жағы ұнайды ғой», дейді Шу Юн.

Айта кетейік, Шу Юн Қазақстанда «Хан шатыр» СОСО-ның артында орналасатын жаңа «Алтын көпір» ескерткішінің авторы ретінде танымал. «Алтын көпір» ескерткіші 90 шаршы метр алаңда орналасатын болады. Конструкцияның биіктігі 7 метр, биіктігі ұзындығы 28 метр, ені 4 метр, конструкцияның салмағы 100 тонна. Монумент янтарлы-алтын түсті, 20 мыңнан астам янтарных кірпіштен болады. Автордың айтуынша ескерткіштің құрылысы жуық арада басталады.

Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы ертеңде жалғасады. Ұйымдастырушылар ертең де форумның жұмысы қауырт болатынын айтуда.Ертеңгі күннің хедлайнері – гонконгтық «Hanson Robotics» компаниясы әзірлеген София есімді гиноид. Сондай-ақ, шара аясында мэрлер мен губернаторлардан құралған құрама мен әлемдік футбол ардагерлерінен жасақталған құрама арасында футболдан достық кездесу өтеді. 

Форум қорытындысы бойынша Жібек жолы бойындағы елдердің қалалары мэрлерінің клубын, кәсіпкерлер, университеттер, журналистер, ақындар қауымдастығын, сондай-ақ, әйелдер мен жастар ұйымдарының платформасын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Жібек жолының Алтын көпірі» архитектуралық кешенінің іргетасын қалау тарихи оқиға болмақ.