ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҰСТАЗДАР

17:13 26/10/2019

162
Екі күн Қазақстан ұстаздарының назары Елордада өткен «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда болды.

Замануи білім беру саласындағы әлемнің үздік алаңдарының бірі болып қалыптасқан шарада  отандық және 17 шет мемлекеттен келген кәсіби сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісіп, әлемдік білім беру саласындағы озық технологиялар мен келелі мәселелер талқыланды.

Жер шарындағы барлық педагогтарды толғандыратын мәселелер күн тәртібіне шығарылды. Оның ішінде -   мұғалім мен оқушы серіктестігі, жаһандық құзыреттілік, педагогтардың үздіксіз білім алуы, білім мазмұны мен бағалау, қолайлы білім беру ортасын құру, эмоционалды зияткерлікті дамыту сынды  өзекті сұрақтар.  США, Великобритания, Израиль, Норвегия, Нидерланды, Франция, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, Испания, Россия, Армениядан келген  шет елдік спикерлермен отандық білім саласының көшбасшылары өз сөздерімен конференцияның атауын дәлелдегендей болды.    

Екі күн бойы дәстүлі автограф-сесия өтті.  Көпшілікке Израильдік Бейт Берл колледжінің аға оқытушысы Йорам Харпаз, Норвегия Ғылым және технологиялар университеті әлеуметтік және білім беру ғылымдары факультетінің профессоры Марит Ховейд, Кембридж университетінің білім беру инновациялары орталығының директоры Коллин Маклафлин, психология ғылымдарының докторы, Эмоциялық зияттың ресейлік заманауи моделін құрушы Виктория Шиманская, Шығыс Англия университеті, Кембридж университеті жанындағы Санкт-Эдмунд және Хоммертон колледжінің құрметті профессоры Дэвид Бриджес, «Жоғары экономика мектебі» Ұлтық зерттеу университетінің Білім беру институты жанындағы А.Пинский атындағы негізгі және қосымша білім беру орталығының директоры Сергей Косарецкий қатысып, педагогика тақырыбында жазылған авторлық еңбектерін ұсынды.

Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары, жалпы білім беру ұйымдарының оқытушылары және педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері дайындаған 80-нен астам постер көпшілік назарына ұсынылды.  

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Зияткерлік мектептерге ерекше сый жасалды. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның Алматыдағы кластерлік бюросы білім бөлімінің жетекшісі Лина Бенете пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиноваға «Wenhui Award 2019» сыйақысының сертификатын табыс етті.

Wenhui Award – университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған сыйлық.  NIS –  Қазақстанда ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген алғашқы ұйым. 

Конференция тарихында тұңғыш рет балаларға арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, оған елордалық Зияткерлік мектептердің оқушылары қатысты. Калифорниялық колледждің оқытушысы Дана Шерри ертегілерді талдау арқылы жас тыңдаушылардың ойлау дағдысын арттырды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының  Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге конструктивті сараптама жасауға шақырды:

– Орта білім беру қандай болу керек? Бұл сұрақтың жауабын әлемнің барлық дерлік мемрекеттері іздеуде. Мәселе көптеген пікірталас алаңдарында талқыланды. Менің нақты білетінім – әлемді жақсы жағына өзгертетін адам болса, ол – мұғалім.